Өзбекстандағы хабарларға апталық шолу
Өткен аптада, Түрікменбасы қаласында өткен бірінші Каспий экономикалық форумы аясында Өзбекстан Республикасының премьер-министрі Абдулла Арипов Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен кездесті, және осы форумның аясында Ресей Федерациясының Премьер-министрі Дмитрий Медведевпенде кездесіп маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Мемлекет басшысы Өзбекстанда орыналып жатқан реформаларды белсенді түрде қолдап келе жатқан, Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің Төрағасы Цзинь Лицюнь бастаған делегацияны қабылдады.

Өткен аптадағы қоғамдағы негізгі орын алған жағдайлардың бірі Өзбекстан аумағында электр энергиясы, табиғи газ бен жанармайдың бағасы артқаны болды.
Сондай-ақ мәдниет саласындағы жағымды жаңалықтар қатарында, Өзбекстандағы «Қазақстан жылының» өтуі аясында Қызылорда облысы мәдениет күндері өтті. Сонымен бірге Абай өлеңдерін оқу эстафетасы Ташкент қаласында жалғасты.
Экономикалық саладағы жағдайға бір көз жүгіртсек, Өзбекстан электромобильдер жасау жолға қойылады. Сонымен қатар әлемге әйгілі Fiat Chrysler Automobiles Италиян-Американдық көлік жасаушы компаниясы, Өзбекстан автокөлік өндірісіне инвестиция салуға ниетті екенін айтқан. Ал валюталар бағамындағы көрсеткіш күн сайын өсіп бара жатқан доллар бұл аптада өсуін жалғастырды.

Ел қауіпсіздігі мен сырттан төнер қауіп-қатердің алдын алу және оларды болдырмау жайында Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияевтың басшылығымен Қауіпсіздік кеңесі өтті.
Апта соңына келіп Тәуелсіздіктің 28 жылдығына орай Өзбекстанның барлық өңірлерімен алыс ауыл аймақты жерлерінде де абаттандыру мен тазалық күні болды.
