ӨзА Қазақ

12.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Республикасы Премьер-министрі Ресей Федерациясының Үкімет басшысымен кездесті

Өзбекстан Республикасы Премьер-министрі Ресей Федерациясының Үкімет басшысымен кездесті

Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов Бірінші Каспий экономикалық форумы аясында Ресей Федерациясының Премьер-министрі Дмитрий Медведевпен кездесті.

Кездесу барысында, екі ел Президенттерінің жүйелі кездесулері мен келіссөздері қос ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен жан-жақты ынтымақтастықты дәйекті дамытудың маңызды факторы болып табылатыны атап өтілді.

Осы жылдың 30-шы мамырында Үргенч қаласында өткен Үкімет басшыларының бірлескен комиссиясының алғашқы отырысы, перспективалық жобалар негізінде өзара тиімді ынтымақтастық аясын кеңейтуге және жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді сәтті жүзеге асыруға бағытталғандығы жайында да сөз барды.

Сұхбат шағында тараптар сауда-экономикалық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, энергетика және ауыл шаруашылығы саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруда барлық әлеуетті жағдайдан тиімді пайдалану туралы пікір алмасты.

Үкімет басшылары бірінші Каспий экономикалық форумы екі мемлекет үшін пайдалы байланыстарға толы екендігін және оның аясында жасалған ұсыныстар екіжақты және көпжақты байланысты қарқынды дамытуға қызмет етуі жайлы айтылды. 

6 115
ӨзА