Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен 15-ші тамызда Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысында, Өзбекстанның сыртқы саясаты мен сыртқы экономикалық қызметінің негізгі нәтижелері мен басым бағыттарына арналған жиын өтті.

Жоғарғы Мәжіліс палаталары, Президент Әкімшілігі, Министрлер Мекемесі, Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі, Ұлттық гвардия, Бас прокуратура, Сыртқы істер, Инвестициялар және сыртқы сауда, Қорғаныс, Ішкі істер, МҚҚ Шекара қызметі, Қорғаныс индустриясы бойынша мемлекеттік комитеті, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшыларымен қатар Өзбекстан Республикасы Президентінің Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қатысқан кездесуде, Өзбекстанның шетелдік серіктестерімен ынтымақтастығының практикалық нәтижелері, жаһандық тенденциялар, сондай-ақ әлемдегі және аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке қауып төндірмек болған заманауи қатерлер талқыланды.

Өзбекстан тарапынан орындалып жатқан ашықтық пен сенім саясаты Орталық Азияда тату көршілік пен өзара түсіністікке негізделген мүлдем жаңа саяси орта қалыптасқаны айтылып, аймақтағы барлық елдерімен стратегиялық байланыстар орнатылған.

Бұдан бөлек, жоғары деңгейдегі іс-шаралардың нәтижесінде Азия аймағы мемлекеттері мен Ресей, Қытай, АҚШ, Оңтүстік Корея, Туркия, Германия, Франция елдерін қоса алғанда баршасымен дәстүрлі достық қарым-қатынасы салмақты түрде орнатылды.

Өзбекстанның БҰҰ, ШЫҰ, ТМД, ИЫҰ сияқты беделді халықаралық ұйымдардың қызметіндегі қатысуына ерекше назар аударылып, осы құрылымдар аясында Өзбекстанның бастамасын алға тарту туралы міндеттер айқындалды.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Хабардың толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар. 

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қауіпсіздік кенесінің отырысы өтті