Валюта бағамы: Өзбекстанда доллардың көрсеткіші рекодты дәрежеге жетті
Өзбекстанда он бір аптадан беріге бірелі түспей келе жатқан доллар бағамы 12-ші аптаның екінші жартысына келіп рекордты дәрежеге жетті.
Өзбекстан Республикасы Орталық банкі 2019 жыл 16 тамыздан бастап валюталық операциялары бойынша шетел валюталарының сумға байланысты соңғы бағасын жария етті.
Өзбекстанда 1 АҚШ доллары осы апта басындағы көрсеткіші 8882.00 сумға тең деп белгіленген болатын. Ал аптаның екінші жартысынан өткен кезде бұл көрсеткіш 179 сумға артып алғаш рет 9061.00 сумға жетті.
Ал, 1 еуро апта басында 9928.30 болған болса, ертеңнен бастап 10092.14 сум етіп белгіленген.
Ресей рубльі 136.38 сумнан 138.47 сумға жеткен.
Еске сала кетсек, валюталар құнын бағамдау кезінде Өзбекстан Республикасының Орталық банкі, аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды.