ӨзА Қазақ

13.08.2019 11:00 Басып шығару нұсқасы

Fiat Chrysler Өзбекстанда автокөлік жасауды жоспарлауда

Fiat Chrysler Өзбекстанда автокөлік жасауды жоспарлауда

Әлемде шығарған авокөліктер саны бойынша алтыншы орында тұратын Fiat Chrysler Automobiles Италиян-Американдық көлік жасаушы компаниясы Өзбекстан автокөлік өндірісіне инвестиция салмақ. Бұл жайында компанияның вице-президенті Юсуф Хажас айтқан.

Оның сөзіне қарағанда, компания тарапынан Түркиядағы Tofaş жобасынан Өзбекстанда кәсіпорынды құру үшін нұсқаулық ретінде пайдалану ұсынылған.

Tofaş – жеңіл автокөлік өндіруші түрк компаниясы. Бұл компания Fiat Chrysler Automobiles пен Koç Holdingке тиісті болып, ол Туркияда жеңіл автокөліктер мен жеңіл коммерциялық көлік құралдарын жасаушы жалғыз автокөлік өндіруші саналады. Мұнда Fiat, Citroen, Peugeot, Opel және Vauxhall маркалы автокөліктер шығады.

Қазіргі кезде Өзбекстан Fiat бренді астында Tipo, Fiorino және Doblo модельдерін шығаратын екі зауыт құруды жоспарлап, оған ыңғайлы орта қарастыруда.

Бұдан басқа, 2021 жылда Tofaş кроссоверлерін жасауды бастау жоспарланған және келешекте Өзбекстан да жасауы мүмкін болған пикап моделдерін өндіру үстінде жұмыс жасауда,-дейді Юсуф Хажас.

Ал, Орта Азия нарғында көлік сату бойынша өзіндік ерек орны бар "UZAUTO MOTORS" компаниясы қазірде «Volkswagen» автокөліктерін шығару мақсатында Caddy, Crafter, Tiguan, Skoda Octavia маркалы модулдері таңдап алған.

ӨзА
2 661