ӨзА Қазақ

13.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің делегаттарын қабылдады

Шавкат Мирзияев Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің делегаттарын қабылдады

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 13-ші тамыз күні Азиялық Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің Төрағасы Цзинь Лицюнь бастаған делегацияны қабылдады.

Мемлекет басшысы қонақтарды құттықтай отырып, Өзбекстан мен АИИБ арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың дамып кележатқанын айтып өтті.

Бұл банк Өзбекстанда орыналып жатқан реформаларды белсенді түрде қолдап келуде. Қазіргі уақытта Бұхара облысында сумен жабдықтау және су құбыры жүйелері мен автокөлік жолдарыны қайта жөндеуге жалпы соммасы 1,3 млрд доллардан астам болған алғашқы инвестициялық жобаларды даярлау жұмыстарын аяқтауда.

Тәжірибелік ынтымақтастықтың ауқымын кеңейту және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің қаржы ресурстарын тарта отырып жаңа бағдарламаларды алға жылжытудағы мәселелерге арналған бүгінгі күнгі дөңгелекүстел сұхбатының жемісті болғаны айтылды.

Цзинь Лицюнь, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің Өзбекстан мен бүкіл Орталық Азия аймағының тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында Өзбекстан мен кең ауқымды ынтымақтастықты нығайтуға негізделген ұмтылысы нақты екенін растады.

1tsu.jpg

2.jpg

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Хабардың толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар. 

6 205
ӨзА