ӨзА Қазақ

12.08.2019 17:29 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан электромобильдер жасап шығаруда Қазақстанмен ынтымақтастық орнатты

Өзбекстан электромобильдер жасап шығаруда Қазақстанмен ынтымақтастық орнатты

Өзбекстан Республикасынның Инновациялық даму министрлігінде министр орынбасары Ойбек Норинбоев Қазақстанның «E-Line Kazakhstan» компаниясы басшысы Р.Дүйсеновпен кездесіп, Өзбекстанда электромобильдер жасап шығару жайында өзара ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бұл жоба елдегі автомобиль өнеркәсібін дамытумен қатар, қоршаған ортаның ластануының алдын алуға және энергияның балама көздерін дамытуға ықпал етеді.

Әлемдік нарықта электромобильдерді сату 2017 жылғы көрсеткіші, 2012 жылмен салыстырғанда 10 есеге өсіп, «Thomson Reuters» сарапшылары 2040 жылға қарай электромобильдер автотранспорт құрылғыларының жартысынан көбін құрайды деп болжаған.

Мұндай электромобильдердің қарапайым көліктерден бірнеше артықшылығы бар:

-Электромобильдердің қозғалтқыштары өзінен зиянды газдарды шығармауына байланысты қоршаған ортаның ластануының алдын алады;

-Электромобильдің қозғалтқышы электр энергиясынан (балама энергия арқылы) қуаттануы есебінен әдеттегі отын энергиясының шығынын азайтады.

-Электромобильдердің тағы бір артықшылығы екі көлік бір-бірімен соқтығысқан жағдайда, автоматты түрде қуаттағыштардың сөнуімен бірге көліктің тоқтауы. Бұл жағдай Америкалық өнертапқыш Илон Масктың Tesla Модел-С электромобильдері 2013 жылы АҚШ-та сыналған барлық автомобильдердің арасында қауіпсіздігі ең жоғары көлік рейтингіне ие болған еді;

-Бұл көліктерде қосалқы бөлшектердің аздығы электромобильдің сенімділігін арттырады және нәтижесінде жөндеу және қызмет көрсету құнын төмендетеді;

-Ұзақ мерзімді пайдалану кезінде қозғалтқыштың сенімділігі мен беріктігі, және қарапайым автомобиль қозғалтқыштары үшін жоғары тиімділік коэффициентін береді;

-Cтандартты батареяларды тоқ көзінен зарядтау мүмкіндігінің болуы қаражаттарды едәуір азайтады;

-Автомобиль оталған кезде және қозғалыс кезінде шу аз болады;

-Электрлі қозғалтқыштың электромагниттік тежеу режимінде болуы төтенше тежеуге мүмкіндік беретіндігінде.

Еске сала кетсек, UZAUTO MOTORS компаниясы Өзбекстанда Германияның автокөліктерін шығару мақсатында «Volkswagen» компанияның Caddy, Crafter, Tiguan, Skoda Octavia маркалы модулдерін таңдап алған болатын


ӨзА
3 883