ӨзА Қазақ

15.08.2019 Басып шығару нұсқасы

Дархан Сатыбалды Абай өлеңдерін оқу эстафетасын жалғастырды

Дархан Сатыбалды Абай өлеңдерін оқу эстафетасын жалғастырды

Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дархан Амангелдіұлы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбай ұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған челенджді қолдап өзіне жолданған эстафетаны Абайдың «Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен» атты өлеңімен жалғастырды.

Дархан Амангелдіұлы эстафетаны Өзбекстан Республикасының Жоғарғы Мәжілісі Заң шыңарушы палатасының төрағасы Нурдинжон Исмоиловтан қабыл алып, оны Абайдың «Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен» атты өлең шумақтарын оқып, осы бастаманы одан әрмен жалғастыру үшін Өзбекстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары, көрнекті ақын Минхожиддин Ходжиматовқа және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлына жолдады.

Хабарыңыз болса бұл шара, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жасар мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді. Кейіннен аталмыш этафетаны, Қазақстан өңірлерінің басшылары, дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері, БАҚ өкілдері, өнер адамдары, шетелдіктер де қолдап, Абай өлеңдерін және шығармаларын оқуды жалғастырып келеді.  

12 576
ӨзА