Өзбекстандағы хабарларға апталық шолу
Өткен апта барысында Өзбекстан аумағында орын алған негізгі оқиғалар мен маңызды ақпараттарға қысқаша шолу
Өткен апта Өзбекстан аумағында орын алған негізгі оқиғалар мен маңызды ақпараттарға қысқаша шолу.
Өткен апта барысында Мемлекет басшысы бірқатар маңызды қабылдау мен шенеуніктер қатысуында кеңес өткізіп, елдің дамуына ықпал етер қажетті реформалар жөнінде тапсырмалар берді. Сондай-ақ Ташкент қаласындағы атқарылып жатқан жұмыстарды көзден кешіріп, Отан қорғаушылар күніне орай Қарулы күштер академиясынада барып курсанттармен кездесу өткізді.
2023 жылға дейін Өзбекстанда Nexia, Spark, Cobalt, Gentra автокөліктерін шығару тоқтатылады. Олар орнына жаңа түрдегі автокөліктер мен электромобилдер шығару жоспарланған. Ал биылдан бастап «Chevrolet Onix» автокөлігі нарыққа шықпақ.
Алдағы уақытта ЖОО-ның студенттері өз білім деңгейіне жараса степендиялар алатын болады. Бұл жөнінде республикадағы студенттердің түрлі шағымдары мен ұсыныстарының сұранысына орай Заң палатасы арнайы заң жобасын әзірлеуде.
Бас прокуратура Гунара Каримованың шетелдегі активтерін Өзбекстанға қайтаруда. Оның Женевадағы вилласында тінту жұмыстары кезінде 70-ке жуық қымбат бағалы өнер туындылары табылып тәркіленген. Ал Өзбекстан аумағындағы тұрғылықты мекен жайларынан 13 млрд сумға жуық бағалы картиналар мен сирек кездесетін қолөнер туындылары табылып мемлекеттік жергілікті мұражайларға табысталған.
Тайландта жасөспірімдер арасындағы төртінші Азия чемпионаты басталып онда екінші тур ойындары өз мәресіне жетті. Биылғы жарыстың бір ерекшелігі жеңімпаз үш құрама Токио-2020 олимпиадасына жолдамаға ие болады. Егер Жапония құрамасы жеңімпаздар қатарынан орын алса төртінші орын иегеріде олимпиада ойындарына барады. Өзбекстан жастар құрамасы екі турлық ойын нәтижесінде 4 ұпай жинап өз тобында Оңтүстік Кореядан кейін екінші орында келеді. Келесі кездесу дәл осы Корея құрамасына қарсы өтпек.