Мемлекет басшысы Бас мүфтиді «Ел-жұрт құрметі» орденімен марапаттады
Шавкат Мирзияев 6 қаңтарда Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Усмонхан Алимовты қабылдап оны 70 жасқа толуымен құттықтады.
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 6 қаңтарда Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Усмонхан Алимовты қабылдап оны 70 жасқа толуымен құттықтады.
Мемлекет басшысы Усмонхан Алимовтың ұлттық және діни құндылықтарды жандандыруға және сақтауға, ұлы ойшылдар мен ғұламалардың бай ғылыми мұрасын зерттеу мен насихаттауға, қоғамдағы діни толеранттылықты нығайтуға арналған қызметіне ерекше назар аударып, «Біз мүфтиді исламдық білімнің үздіксіз насихаттаушысы ретінде білеміз және бағалаймыз. Сіздің «Тафсири Ирфон», «Имам Бұхари - хадистер сұлтан», «Отбасындағы бала тәрбиесі» сынды шығармаларыңыз халқымыз көңілінен жай алған », - деді Шавкат Мирзияев.
Мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, мүфти Усманхон Алимовтың еліміздегі ислам мәдениеті мен ғылымының дамуына, қасиетті дініміздің асыл идеяларын, ұлы ойшылдар мен ғұламалардың баға жетпес ғылыми мұрасын зерттеуге және насихаттауға лайықты үлесі, қоғамда әлеуметтік-рухани атмосфераның тұрақтылығын қамтамасыз етуге, ұлтаралық келісім мен ауызбіршілікті нығайтуға байланысты үлкен қызметтері, діни және зайырлы білімді терең білетін жас мамандарды тәрбиелеуге, жас ұрпақты Отанына деген сүйіспеншілік пен ұлттық құндылықтарымыз рұхында тарбиелеу жолындағы ғибратты қызметінің лайықты символы ретінде «Ел-жұрт құрметі» ордені табысталды.


Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.