Тайландта футболдан U-23 Азия чемпионаты басталды
Төрт топ 16 құрама. VAR жүйесі және Жапония жеңімпаздар қатарынан орын алса төрт құрама Токио-2020 жолдамасына ие болады
8 – 26 қаңтар аралығында өтетін 23 жасқа дейінгі футболшылардан құралған командалар арасында Азия чемионаты басталды.
АФФ-ның соңғы шешімі бойынша әр екі жылда ұйымдастырылатын атаулы құрлықтық футбол жарысының бұл реткі ерекшелігі турнирде үш жеңімпаз құрама Токио-2020 олимпиадасына жолдама алатын болады.
2013 жылыдан бастау алған атаулы жарыстың тарихындағы кейінгі жеңімпазы болып тұрған Өзбекстан жастар құрамасыда бұл жарысқа ерекше дайындықпен аттанды. Өйткені өз тобында ежелгі қарсылас командалары, былайша айтқанда бұл жарыстың фавориті саналатын Оңтүстік Корея, Иран және Қытай құрамалары жайғасқан.
Бүгін Өзбекстан өз тобындағы алғашқы кездесуін Иранға қарсы өткізеді. Ойын Тайландтың оңтүстігіндегі Сонгкхла провинциясындағы «Тинсуланон» стадионында Ташкент уақытымен 15:15те басталады.
Жасөспірімдер арасындағы төртінші реткі ұйымдастырылып жатқан бұл жарыстың тағы бір ерекшелігі, төрт топтан орын алған үздік 16 құрама командалар ойыны Тайландтың төрт алаңында VAR жүйесімен толық бақылауда өтетін болып, кәрі құрлық футболының жетекшісіне айналған Жапонияның жеңімпаздар қатарынан орын алуы тағы бір құрама командаға олимпиада жолдамасын сыйлайтын болады.