ӨзА Қазақ

10.01.2020 Басып шығару нұсқасы

Депутат Кушербаев студенттер білім деңгейіне лайықты степендия алатыны жайында айтты

Депутат Кушербаев студенттер білім деңгейіне лайықты степендия алатыны жайында айтты

Өзбекстан Республикасы «Олий Мажлис» Заң палатасы депутаттығына кезекті бес жылдық мерзімге қайта сайланған Расул Кушербаев, ЖОО студенттері өз білім деңгейіне лайықты степендиялар алуы жайында айтып, өз «Телеграм» каналында осы жағдайға байланысты қабылданар заң қазір талқылану үстінде екендігін мәлімдеді.

«Бұл жағдай көптеген студенттердің өтініштерін ескере отырып, сонымен қатар бірнеше ұсыныстары мен жобаға енгізілуде. Алдағы уақытта атаулы қарар шешімімен өте жақсы оқитын яғни бағасы «бестік» студенттер бұрынғыдай жоғары, төртке оқитындар орта, және сессияны үшке жапқан студенттер үштік степендиялар алатын болады. Бір сөзбен айтқанда әркім өз білім деңгейіне жараса шәкіртақасын алатын болады», деп жазады Русул Күшербаев.

Тағыда бұл заң жобасында бірқатар жақсы жаңалықтар болатынын айтып, тез арада заң қабылданатынын жеткізген.

Еске сала кетсек, Өзбекстандағы ЖОО-ның студенттері 2019-2020 оқу жылынан бастап үлгеріміне қарамай барлығы біріңғай түрде 400 000 сумнан степендия алып келе жатыр. Бұл шешім қабылданған кезде Білім министрлігінің осынау жобасына тіпті степендияның мөлшері тым төмендігін алғашқылардан болып сынға алған белсенді депутаттар қатарында Расул Кушербаевта болатын. 

15 600
ӨзА