Осы күннің өзінде Мемлекет басшысының төрағалығымен Ұлттық армияның одан әрі дамуы мен реформасына арналған Қауіпсіздік Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Өзбекстан Республикасы Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Шавкат Мирзияев 10 қаңтарда Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында Қарулы Күштер Академиясына барды.

Мемлекет басшысы атаулы академияның бүгінгі жұмысымен танысып, ондаға білім алып жатқан курсанттармен сұхбаттасып оларды алда келе жатқан Отан қорғаушылар күнімен құттықтады. 

Осы күннің өзінде Өзбекстан Республикасы Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен Ұлттық армияның одан әрі дамуы мен реформасына арналған Қауіпсіздік Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, отырыста Қарулы Күштерді дамыту бойынша жұмыс қорытындыланып, министрліктер мен ведомстволардың және жергілікті билік органдарының ұлттық армиямызды дамыту мен реформалаудағы қызметіне сыни баға берілді.

-Армия материалдық жағынан соңғы үлгідегі заманауи және қажетті құралдармен жабдықталған болуы мүмкін, бірақ оның моральдық әлсіздігі, жауынгерлік рухы, Отанға деген адалдығы мен сүйіспеншілігі, оның тағдыры үшін жауапкершіліктің болмауы немесе немқұрайлылық қалпына келтірілмейтін салдарға әкелуі мүмкін, - деді Мемлекет басшысы.

Қарулы Күштерді реформалау мен дамытудың басқа да маңызды бағыттары қаралып, кездесу соңында Өзбекстан Республикасы Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Шавкат Мирзияев елдің қорғаныс қабілетін нығайту бағытында одан әрі жұмыс жасау міндеттерін белгілеп берді.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан Президенті Қарулы Күштер Академиясына барды