ӨзА Қазақ

09.01.2020 Басып шығару нұсқасы

Мемлекет басшысы 1 шілдеге дейін барлық қызмет түріне бірегей сандық қолтаңба әзірлеуді тапсырды

Мемлекет басшысы 1 шілдеге дейін барлық қызмет түріне бірегей сандық қолтаңба әзірлеуді тапсырды

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 9 қаңтарда мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру жөнінде кеңес өткізді.

Шавкат Мирзияев Өзбекстан Республикасы Президенті қызметіндегі алғашқы күндерінен бастап «Азаматтар мемлекеттік органдарға емес, мемлекет органдары халыққа қызмет етуі керек» деген идеяны алға тартып, халықтың ауыртпалығын жеңілдету мен жағдайды жақсарту мақсатында 2017 жылдың 12 желтоқсанында «Мемлекеттік қызметтердің ұлттық жүйесін түбегейлі реформалау жөніндегі шаралар туралы» жарлық шығарды. Соған сәйкес Әділет министрлігінің жанынан Мемлекеттік қызметтер агенттігі құрылды.

Қазіргі күнде мұндай орталықтардың республика бойынша 80-ге жуығы халыққа қызмет көрсетіп келе жатқан болса, тағы 94 нысанның құрылысы жүргізілуде.

Ел аумағында халықтың жағдайын жақсарту мақсатында азаматтардан сұралатын ең көп құжаттар тізімін 112 ден 56-ға қысқартылды.

Жиында, азаматтардың басым бөлігі интернетті мобилді құрылғымен пайдаланатынына байланысты, алдағы уақытта Жалғыз интерактивті мемлекеттік қызметтер порталының мобилді версиясын іске қосу керектігі айтылды.


Мемлекет басшысы Ақпараттық технологиялар және коммуникацияларды дамыту министрлігіне тиісті ұйымдармен бірлесе отырып, электронды цифрлық қолтаңбаны қажет ететін қызметтер үшін жеке тұлғаны танитын балама, қауіпсіз әрі қарапайым тәсілдерін енгізуді тапсырпы, оны осы жылдың 1 шілдесіне дейін барлық қызмет түріне бірегей сандық қолтаңбаны әзірлеу керектігін айтты.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.

7 551
ӨзА