UzAuto Motors компаниясы 2020 жылда «ONIX» автокөлігін сатылымға шығармақ
Компания жуырда ғана төрт түрлі «Chevrolet» таңбасы астында шығарылған жолталғамас автокөліктердің таныстырылымын жасаған еді
Жуырда ғана төрт түрлі «Chevrolet» таңбасы астында шығарылған жолталғамас автокөліктердің таныстырылымын жасаған «UzAuto Motors» компаниясы, 2020 жылдан бастап жаңа «ONIX» автокөлігі мен тағы бірнеше көлік түрлерін шығаруды жоспарлаған.
Заман талабына сай және аймақтық сұраныс нарығына орай компанияның көлік өндірісі қазіргі күнде өз сенімін ақтауда. Өйткені күні кеше ғана таныстырылымы өткен төрт түрлі жолталғамас автокөліктердің бағасының қымбаттығына қарамай жақсы тапсырыстар түскені жайында компания баспасөзі хабар берген болатын.
Жылына 250 мың дана автокөлік шығаруға қуаттандырылған автозауыт, көпшіліктің сұранысына орай биыл 271 098 автокөлік шығарған. Орталық Азиядағы автокөлік өндірісіндегі жетекшілік етуші осынау компания дәл қазіргі сәтте 2020 жылдың 6 қаңтарына дейін жаңа модельдер үстіндегі үйрену жұмыстарына байланысты қысқаша үзіліс жариялаған. Бұл жағдай компания тарапынан алынған тапсырыстар мерзімін кешіктіруге жол бермейді.