Өзбекстандағы хабарларға апталық шолу
Өткен апта барысында Өзбекстан Республикасы аумағындағы болған оқиғаларға қысқаша шолу.
Алдынғы аптада болған оқиғалардың негізгілерін тізбектей өтсек: Ең алдымен Ташкент қалалық емханаларының біріндегі болған оқиға екі жасар бүлдіршінді өлімнен арашалап қалған дәрігердің әрекеті, емхананың бейнетаспасына жазылып қалған бейненұсқасы әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсіп, дәрігер Сергей Владимирович Тобиасқа министрлік тарапынан ерекше құрмет көрсетілді.

Өзбекстан мен Қазақстан арасында Ташкент-Қызылорда бағытында тұрақты автобус қатнауы жолға қойылды. Бұл бастамалар бауырлас екі арасын одан әріге жақындату мақсатында жасалып отырған бастамалардың бірі. Мұндай бастамалар, өткен жылы Қазақстандағы «Өзбекстан жылы» аясында бастау алып, биыл Өзбекстандағы «Қазақстан жылы» аясында жалғасын тауып келе жатқан игілікті бастамалардың жалғасы.

Аптаның айтулы оқиғаларының бірі Өзбекстан Республикасы Президентінің туған күніне орай шетел Президенттерінен келіп жеткен құттықтау хаттары болып, онда Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғыстан, Қазақстан т.б шетел мемлекет басшыларынан құттықтаулар келді.
Жахандану заманында, заман ағымымен бірге ілесу бұл ел келешегі мен жастар болашағы үшін зор қадам. Глобалды заманнан артта қалмау, жахандық үрдістегі иновацияларды елде жүзеге асыру мақсатында Өзбекстанда алғашқы бағдарламалық өнімдер мен ақпараттық технологиялар паркі – IT Park орталығы ашылды.

Апта соңына қарай Мемлекет басшысы аймақтар дамуы және халықтың бүгінгі жағдаймен жақыннан танысу мақсатында Самарқандқа арнайы сапармен барды. Онда Самарқандтың бүгінгі бейнесін заман талабына сай етіп көркейту мен бірге мұндағы әуежайды қайта жөндеуден өткізу жайлы тапсырмалар берді. Самарқандқа жасаған сапары аясында Шавкат Мирзияев, Өзбекстанның Тұңғыш Президенті Ислам Каримовтың кесенесіне барып қабіріне гүл шоқтарын қойып, рухына құран бағыштады. Самарқандқа жасаған сапары аясында ондағы кәсіпорындардың жұмысымен танысып, алдағы уақытта атқарылар жұмыстар жайлы тапсырмаларды белгілеп берді.

Өзбекстан Футбол Ассоциациясы - өзбек ұлттық құрамасының жейдесіне жаңа дизайн үлгісі үшін байқау жариялап, ол байқауға кез-келген азамат қатыса алуын да атап өтті. Және байқау жеңімпаздарына арнайы сыйлықтар бар екенінде жасырмады.