ӨзА Қазақ

24.07.2019 13:18 Басып шығару нұсқасы

Шавкат Мирзияев Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті

Шавкат Мирзияев Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 24-ші шілде күні Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті. 

Қасым-Жомарт Кемелұлы, Шавкат Мирзияевты бүгінгі туған күні мерекесімен құттықтай тұрып, бауырлас елдер арасындағы достықты, тату көршілік қарым-қатынасты және серіктестікті нығайтуға қосқан зор үлесін атап өтті.

Тараптар, Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы практикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, сондай-ақ халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасып, екіжақтық сауданы арттырудың, өнеркәсіптік кооперацияны, транзиттік әлеуетті және аймақаралық ынтымақтастықты тиімді пайдаланудың маңыздылығы жайында да сөз айтты.

Сұхбат кезінде мемлекет басшылары өткен аптада екі ел арасындағы үлкен маңызға ие «Бейнеу - Ақжігіт - Өзбекстан шекарасы» халқаралық автокөлік тасжолының ашылғанын еске алып, Өзбекстандағы «Қазақстан жылы» аясында бірігіп жүзеге асырар мәдени-гуманитарлық іс-шараларды табысты өткізуге ерекше назар аударды. 

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.

ӨзА
3 856