Мемлекет басшысы Самарқанд әуежайын қайта жөндеуден өткізу жайында тапсырма берді
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев аймақтар дамуы және халықтың бүгінгі жағдаймен жақыннан танысу мақсатында Самарқандқа арнайы сапармен барды.
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 26-шы шілде күні аймақтар дамуы және халықтың бүгінгі жағдаймен жақыннан танысу мақсатында Самарқандқа жасаған сапары аясында, Самарқанд әуежайының қазіргі таңдағы жағдайын көзен кешіріп, осы халқаралық әуежайдағы портты дамытуға арналған жобамен танысты.
Атап айтқанда, бұл жерде тағы бір терминал салу, ұшу-қону жолағын қайта жөндеуден өткізу, ұшақтардың тұрағын кеңейту, радиолокациялық жүйелерді жетілдіру жоспарлануда. Жаңа әуежай барлық халықаралық талаптарға жауап беретіндей болып, сағатына 600 жолаушыға қызмет көрсететін болады.

Мемлекет басшысы мұнда заманауи менеджментті енгізуді, қайта жөндеу кезінде болса пойыздар мен автобустар санын көбейтуді, және туристер мен тұрғындарға қолайлы жағдай жасау туралы тапсырмалар берді.



Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.