ӨзА Қазақ

22.07.2019 Басып шығару нұсқасы

Ташкент – Қызылорда бағытында тұрақты автобус қатнауы жолға қойылды

Ташкент – Қызылорда бағытында тұрақты автобус қатнауы жолға қойылды

Бүгін 22 шілдеден бастап «Uzautotrans Service» ЖШС тарапынан, Ташкент – Қызылорда бағытында тұрақта автобус қатнауы жолға қойылды,- деп хабарлайды Транспорт министрлігі баспасөз қызметі.

Онда, заманауй барлық қолайлықтарға ие Yutong маркалы комфортты автобусы жергілікті уақытпен сағат 17:00 де Ташкент автовокзалынан Қызылорда қаласына қарай жолға шығады. Екі қала ара қашықтығы 583 шақырым болып, аталған мекенге жету үшін 10 сағат 30 минут уақыт кетеді. Жол ақысы 80 000 сум деп белгіленген.

Автобустар «Ғышкөпір» мен «Жібек жолы» өткізу пүнкті бағытында жүріп, соңғы тоқтау тұрағы «Ташкент» (Өзбекстан), «Салтанат» (Қазақстан) автовокзалдары болады. Қызылордадан Ташкентке қарай автобустар 16:30 да жолға шығатын болады.

Еске сала кетсек, осы уақытқа дейін Ташкент автовокзалынан Орта Азия елдеінің барлығына автобус қатнаулары жолға қойылған. Ал, Қазақстанның ірі қалалары Алматы, Нұр-Сұлтан мен Түркістан қалаларына тұрақты автобустар бағыты жолға қойылған болатын, енді солар қатарына Қызылорда қаласыда қосылды.

32 279
ӨзА