ӨзА Қазақ

24.07.2019 11:20 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Президенті мен Түркіменстан Президенті телефон арқылы сөйлесті

Өзбекстан Президенті мен Түркіменстан Президенті телефон арқылы сөйлесті

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 24-ші шілде күні Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхаммедовпен телефон арқылы сөйлесті.

Әнгіме басында Түркіменстан Президенті Шавкат Мирзияевті бүгінгі туған күні мерекесімен құттықтай тұрып, көп ұлтты Өзбекстан халқына гүлдену мен өркендеу тіледі.

Мемлекет басшылары бауырлас екі елдің арасындағы стратегиялық серіктестік пен жан-жақты серіктестік қатынастарының дәйекті түрде нығаюына сенім білдіріп, екі жақтық байланыстарды, халқаралық және аймақтық саясатқа тиесілі негізгі мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Президент Шавкат Мирзияев Түрікмен басшысына жылы лебізі үшін ризашылығын білдіріп, келесі тамыз айының басында «Аваза» ұлттық туристік аймағында өтетін алғашқы Каспий экономикалық форумын өткізуде сәттілік тіледі.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.

ӨзА
3 847