English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстандағы хабарларға апталық шолу
09:35 / 2019-11-18

Өткен апта басрысындағы Өзбекстанда болған негізгі оқиғаларға қысқаша апталық шолу


Өткен апта басрысындағы Өзбекстанда болған негізгі оқиғаларға қысқаша апталық шолу.

zbekiston_prezidenti_osiye_tara_iyet_banki_delegatsiyasini_a.jpg

Алдыңғы апта басынан Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев маңызды бастамалармен бастап, онда ең алдымен Самарқандта өткен «Валдай» конференциясына қатысушыларға құттықтау жолады. Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына қатысу үшін Өзбекстанға келген Азия даму банкінің президенті Такехико Накао мен Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Кунио Микурияны қабылдады. Елдегі ауыл шаруашылық саласын дамыту мәселелеріне арналған бейнеконференциялы кеңес өткізді және Фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту үшін тапсырмалар берді. 

859new.jpg

Қоғамдағы өзекті мәселе, әлеуметтік жағдайы нашар жандар мен отбасыларға көмектесу мен олардың өз жағдайын жақсартуға қол ұшын беру қашанда мемлекеттің парызы. Өзбекстан осы жағдайға жыл сайын ЖІӨ-нің 6-9 пайызын жұмсап келсе де, кейбір кері тартпа кедергілердің кесірінен әлеуметтік қолдау толығынша қамтылмай жатыр. Алдағы уақытта БҰҰ Өзбекстанға бұл мәселеде бір жеңнен қол шығарып көмек беруді мақсат етті және 2 миллион доллар көлемінде қаржылай көмек көрсететіні жайлы келісімге қол қойды. 

O_zb_Qirg_iz-_5_.jpg

Өткен апта Азия елдері арасында Қатарда өтетін 2022 жылғы ӘЧ-на іріктеу кезеңінің 5-тур кездесулері Өзбекстан құрамасына сәтсіз өтті. Ташкентте өткен ойында өзбек құрамасы саудиялық футболшылардан 2:3 есебінде жеңіліп, өз тобында екінші орынға тұрақтады. 

km1Ez8xLdqbOG9jfglh1Ed_QSBfYgJFo.jpg

Ташкент қаласы күн өткен сайын өркендеп келеді. Қала дамуы мен қатар көшедегі көліктің саныда күн санап артып, көңілсіз кептелістерде көбейген. Енді осы жағдайды оңтайлы шешу мақсатында қаланың көлік кептелісінің көптеп болар көшелерінде әлемдік тәжірибеде оң нәтиже берген жол сызбалары (схемалар) сызылып сынақтан өтуде.