ӨзА Қазақ

13.11.2019 Басып шығару нұсқасы

БҰҰ Өзбекстанның әлеуметтік қолдау жүйесін дамытуға 2 миллион доллар бөлді

БҰҰ Өзбекстанның әлеуметтік қолдау жүйесін дамытуға 2 миллион доллар бөлді

Соңғы жылдары Өзбекстан ЖІӨ-нің шамамен 6-9 пайызын әлеуметтік қолдау қызметтеріне жұмсап келседе, жүйенің тиімділігіне теріс әсер етуі мүмкін кедергілер көптеп табылады.

Өйткені қазіргі кезде әлеуметтік қолдау көрсету функциялары бірнеше министрліктер мен ведомстволарға ортақ. Бұл әлеуметтік жағынан мұқтаждық сезінге адамдар мен отбасылардың жағдайын жақсартуға көптеген кедергілер келтіреді.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бүгінгі таңда Өзбекстанда жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалар әлеуметтік әлсіз топтарға қысқа мерзімді салмақ салуыда әбден мүмкін. Сондықтан мұндай жандарға әлеуметтік қолдаудың өзгеше тәсілімен көмек беру ләзім болмақ.

Осы мақсатта Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан Өзбекстанға осы саладағы озық жүйені жасау мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көрсетілер қоғамдық көмектер үшін 2 млн доллар қаржы бөлді. Мұндай жағдайдан жақсы хабардар болған Өзбкстандағы БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі Хелена Фрейзер мен Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Азиз Абдулхакимов әлеуметтік қорғау бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыру туралы келісімге қол қойды.

Бұл жобаны жүзеге асыруға БҰҰ-ның үш агенттігі - Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) және  Балалар қоры да (ЮНИСЕФ) көмектесетін болды.



5 189
ӨзА