Өзбекстан 1992 жылдан бастап осы халықаралық ұйымның мүшесі болып саналады

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 14 қарашада Орталық Азияның аймақтық экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының конференциясына қатысу үшін Өзбекстанға келген Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Кунио Микурияны қабылдады.

Кездесуде Президент Шавкат Мирзияев Өзбекстан мен Дүниежүзілік кеден ұйымы арасындағы сындарлы ынтымақтастықтың нығайып келе жатқанын атап өтіп, бұл қарым қатнасты әрмен қарай жалғастырудың «Жол картасын» бірлесе әзірлеуге және жедел қабылдауға келісті.

Өзбекстан 1992 жылдан бастап осы халықаралық ұйымның мүшесі болып табылады. Өткен кезең ішінде Өзбекстанның заңнамалық базасын құру, кеден органдарының инфрақұрылымын жаңарту және жандандыру бойынша бірлескен іс-шаралар мен жобалар сәтті жүзеге асырылды.

Сұхбат шағында кеден органдарының әлеуетін арттырудың, халықаралық стандарттарды енгізу, кеден органдарын заманауи қондырғылармен және жабдықтармен қамтамасыз ету, құқық бұзушылыққа қарсы күресті күшейту, шетелдердегі жетекші орталықтарда оқытуды күшейтудің практикалық аспектілері талқыланды.

Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы жылы қабылдағаны үшін алғыс білдіріп, Өзбекстандағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың тиімділігін, сондай-ақ Орталық Азиядағы тату көршілік пен серіктестікті нығайтуға бағытталған саясатты жоғары бағалады.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысын қабылдады