Шавкат Мирзияев «Валдай» конференциясы қатысушыларына құттықтау жолдады
Құрметті конференцияға қатысушылар мен ұйымдастырушылар!
Бұл конференция ғасырлар бойы Шығыс пен Батыс мәдениетін өзара тұтастырған жаңа ғылыми идеялар мен білім пайда болған өлке Самарқанд қаласында өтіп жатқанында терең мағына жатыр.
Әлемдік өркениеттің дамуына елеулі үлес қосқан Самарқанд әлі күнге дейін халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда маңызды рөл атқарып, аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ашық және сындарлы сұхбат алаңы ретінде қызмет етеді.
Соңғы екі жыл ішінде мұнда Орталық Азиядағы қауіпсіздік және тұрақты даму жөніндегі халықаралық конференция, Адам құқықтары жөніндегі Азиялық форум және аймақтағы басқа да маңызды оқиғалар сәтті өткізіліп келеді. Бұл жағдай, өз кезегінде ынтымақтастықтың ерекше «Самарқанд рухын» қалыптастыру жайлы айтуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі кездесу осы игі дәстүрді жалғастыру мен қатар ашық және өзара түсінікті қалыпта өтеді деп сенемін.
Ойлауымша, бүгінгі өтуі белгіленген атаулы конференцияда Еуразиялық аймақ, оның ішінде Орталық Азияда болып жатқан күрделі процестер туралы пікірсайыс та жемісті болып, әрі қарайғы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын белгілейді.
Орталық Азия Еуразиялық кеңістікте және жалпы геосаясатта маңызды рөл атқаруда. Орта Азия халықтарының бірлескен күш-жігерінің арқасында қысқа мерзімде аймақта достық, тату көршілік және ынтымақтастықтың жаңа атмосферасы құрылған бір кезде, саяси сенім жоғарылады. Бұл бізге аймақтың өмірлік маңызды мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік шекаралар, су пайдалану, көлік және сауда саласында ақылға қонымды ымыраға қол жеткізілді.
Өзбекстан Республикасы өзінің жан-жақтылы ынтымақтастығын нығайтуға ниетті. Біздің басты мақсатымыз - Орталық Азияда тұрақты, экономикалық өркендеген аймақ, бейбітшілік пен өркендеу алаңына айналдыру.
Бұлар жаһандық қауіпсіздік үшін маңызды және бүкіл Еуразиялық аймақтың дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Бұл сонымен қатар аймақ елдерінің әлемнің жетекші серіктестерімен, ең алдымен Ресеймен өзара тиімді және тең құқылы қарым-қатынастарын дамытуға үлкен мүмкіндіктер сыйлайды.
Ресей Федерациясы - Өзбекстанның сенімді стратегиялық серіктесі және одақтасы. Ежелгі достыққа негізделген біздің қарым-қатынасымыз біртіндеп дамып келеді.
Өзбекстан сауда, өнеркәсіптік кооперациясы, инвестициялар, инновациялар, энергетика, ауылшаруашылығы және ірі транс-аймақтық жобаларды жүзеге асыру саласындағы Өзбекстан-Ресей ынтымақтастығының бар әлеуетін толық пайдаланудан мүдделі. Мәдени және білім беру саласындағы байланыстарын дамытуға ерекше көңіл аударып келеді.
Өзбекстандағы «Валдай» клубының бүгінгі кездесуі - біздің барлық деңгейлердегі сенімді диалог пен практикалық ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға деген өзара ұмтылыстың айқын дәлелі болмақ.
Құрметті конференция қатысушылары!
Самарқандағы «Валдай» халықаралық пікірсайыс клубының Х Азиялық конференциясы мемлекеттеріміз сараптамалық қоғамдастықтары арасында жаңа, тікелей байланыстар орнатуға және қалыптасқан қатынастарды нығайтуға септігін тигізері сөзсіз. Мұндай кездесулер тұрақты түрде болады деп сенемін.
Конференцияның жұмысы жемісті өтуіне тілектеспін, Шығыстың шырайы саналатын Самарқандтың кешесі мен бүгіні туралы танысу сіздерге жарқын және ұмытылмас әсер қалдыруын тілеймін.
Ташкент қаласы,
11 қараша 2019 жыл