Мемлекет басшысы елдегі фармацевтикалық саланы дамыту бойынша тапсырмалар берді
Қазіргі таңда мемлекеттегі фармацевтика нарығының көрсеткіші 1 млрд доллар шамасында
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 15 қарашада фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту және халықты дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды талдауға және басымдықтарды талқылауға арналған кеңес өткізді.
2017 жылда қабылданған президент жарлығымен Өзбекстанда фармацевтика саласын дамыту агенттігі құрылып, жергілікті өндірушілер шикізат пен технологиялық жабдықтарды импорттауда кедендік баж салығынан босатылады еді. Солардың нәтижесінде екі жылда 41 жаңа фармацевтикалық компания құрылып, жалпы саны 191 кәсіпорынға жеткен. Биылғы өндіріс өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе өсті.
Мемлекеттегі фармацевтика нарығының көрсеткіші 1 млрд доллар шамасында болғанымен, бұл көрсеткіштер жетелі еместігінің есебінен ішкі базар сұранысына орай ипорттық тауарлар кіріп келуде. Жиында Мемлекет басшысы осы мәселелерге жете назар аударып, халықтың денсаулығына байланысты денсаулық сақтау мекемелерін қол жетімді және сапалы дәрі-дәрмектермен, медициналық бұйымдармен және жабдықтармен қамтамасыз етудің негізгі акспектлерін белгілеп берді.
2025 жылға қарай ішкі нарықта дәрі-дәрмектерді тұтынудың кем дегенде 50 пайызын жергіліктендіру, оның ішінде локализацияланған дәрі аттарын қазіргі 2,5 мыңнан 4 мыңға дейін жеткізу үшін мүмкіндіктер жеткілікті болатындығы айтылды.
Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Хабарды толықтай «president.uz»дан оқи аласыздар.