Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстандағы хабарларға апталық шолу
09:37 / 2019-09-30

Өткен апта барысындағы өзекті оқиғалар жайында толықтай


Өткен аптадағы өзекті оқиғаның бірі Өзбекстан футбол құрамасының бапкері аргентиналық жаттықтырушы Эктор Купер өз лауазымынан босатылды. Келісімге сай Купер жылына 2 миллион еуро алатын болған, ал өзге себептермен өз еркінен тыс босатылған жағдайда 5 миллион еуро ӨФФ төленуі көрсетілген. 

ektor_kuper.730x400.jpg

Қытайдың «Лиаонин лидер» инвестициялық компаниясы Бұқара облысында қуаты 200 МВтты жел электр станциясын құрады. Жобаның жалпы құны 240 миллион АҚШ долларын құрайды. Қазірде құрылыс жұмыстарының алғашқы кезеңі басталған. 

5e7140d9da9feb2d7303dc1dac13d36b.jpg

Кино әлеміндегі шоқтығы биік марапаттың бірі «Оскар» сыйлығының «Ең үздік шетелдік көркем фильмі» номинациясына Өзбекстан атынан Умид Ҳамдамовтың “Иссиқ нон”(Ыстық нан) атты толық метражды фильмі қатысатын болды. Бұл фильм ТМД елдері арасында өтетін кинематографтардың «Киношок-2019» байқауында бас жүлде Гран-Приді жеңіп алған болатын.

1569399225_0.jpg

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев өткен апта Өзбекстанда жұмыс сапарымен болып тұрған Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің судялары мен заңгерлерінің тәуелсіздігі жөніндегі арнайы баяндамашы Диего Гарсия-Саянды қабылдап, қазіргі өсу дәуірінің өзекті оқиғаларын талқылады. 

b5d9f3fe_19c1_d9a0_761f_adccfa3192c3.jpg

Ташкент метросының екі аялдамасыда 3G және 4G интернет желісі іске қосылды. 2020 жылға дейін Ташкент метросының барлық станциялары интернетпен қамтамасыз етіледі. 

6983c65bd03711176f6356b84c169b89.jpeg

Өткен аптаның соңындағы айшықты хабар, Өзбекстан Республикасының қауіпсіздік қызметінің(МҚҚ) бұрынғы төрағасы Ихтиор Абдуллаев пен және оның тарапынан құрылған қылмыстық топтың мүшелеріне қатысты үкім шығарылды. Екі айдан астам уақытқа созылған жабық сот прецесі нәтижесінде Ихтиор Абдуллаев 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.