ӨзА Қазақ

25.09.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Президенті БҰҰ-ның арнайы баяндамашысын қабылдады

Өзбекстан Президенті БҰҰ-ның арнайы баяндамашысын қабылдады

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 25 қыркүйекте Өзбекстанда жұмыс сапарымен болып тұрған Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің судялары мен заңгерлерінің тәуелсіздігі жөніндегі арнайы баяндамашы Диего Гарсия-Саянды қабылдады.

Мемлекет басшысы қонақты құттықтай отырып, Өзбекстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы және оның агенттіктерімен сындарлы байланысытың нығая түскенін және бұл серіктестіктің маңызды бағыттарының бірі - адам құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық екенін жеткізді.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Заид Раад Әл Хусейн мен БҰҰ-ның дін және сенім бостандығы жөніндегі арнайы баяндамашысы Ахмад Шахидтің Өзбекстанға жасаған сапарының нәтижесінде адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайту және халықаралық диалогты одан әрі ілгерілету үшін «жол карталары» жүзеге асырылуда.

3cd9fd51-8840-f3c0-3616-9ac8aa1c9fdd.jpg

Өзбекстан адам құқықтары саласындағы 70-тен астам халықаралық құжатқа, оның ішінде БҰҰ-ның он негізгі келісіміне қосылған. Оған байланысты 2018 жылдың қараша айында Самарқандта адам құқықтары жөніндегі бірінші Азиялық форум өткен.

Сонымен қатар Өзбекстан парламенті БҰҰ-ның адам құқықтары саласында білім беру және біліктілік туралы декларациясын іске асырудың ұлттық бағдарламасын қабылдады. Бұл құжат сот және құқық саласындағы қызметкерлердің адам құқықтары турасындағы білімдерін арттыруға арналған.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың перспективалық бағыттар туралы пікір алмасып, Өзбекстанның сот-құқықтық базасын одан әрі жетілдірудің және бірлескен іс-қимылдардың аспектілерін талқылады.

b5d9f3fe-19c1-d9a0-761f-adccfa3192c3.jpg

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары. Хабардың толық нұсқасын «president.uz»дан оқи аласыздар.



6 912
ӨзА