ӨзА Қазақ

25.09.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан атынан "Оскар" марапаты үшін қатысатын фильм анықталды

Өзбекстан атынан "Оскар" марапаты үшін қатысатын фильм анықталды

АҚШ киноакадемиясының танымал кинематографиялық марапаты «Оскар» сыйлығының 92-ші реткі марапатты байқауындағы «Ең үздік шетелдік көркем фильмі» номинациясына Өзбекстан атынан Умид Ҳамдамовтың “Иссиқ нон”(Ыстық нан) атты толық метражды фильмі таңдалды.

Атаулы марапатқа Өзбекстан Оскар комитеті өзбек фильмдері арасынана үміткер фильмді ұсыну алдынан іріктеу кезеңін жариялап, сол кезеңдегі іріктеулер нәтижесінде режиссер Абдухалил Мингноровтың “Имом Термизий”, Рихсибой Мухаммаджоновтың “Қор ёғмоқда, оппоқ қор”, Абдувохид Ғаниевтың “Элпарвар”, Умид Хамдамовтың “Иссиқ нон”, Зулфикор Мусоқовтың “Берлин-Оққурғон” және Илхом Мухаммадиброхимовтың “Парвоз” көркем филмдері таңдалған еді.

Осы таңдаулы фильмдер арасынан Умид Ҳамдамовтың “Иссиқ нон”(Ыстық нан) атты толық метражды фильмі «Оскар» марапатының «Ең үздік шетелдік көркем фильмі» номинациясына ұсынылатын болды.

Бұл фильм ТМД елдері арасында өтетін кинематографтардың «Киношок-2019» байқауында бас жүлде Гран-Приді жеңіп алған болатын.

19 322
ӨзА