ӨзА Қазақ

26.09.2019 Басып шығару нұсқасы

Ташкент метросының екі аялдамасында интернет қосылды. 2020 жыл соңына дейін барлық аялдамаларда интернет қол жетімді болады

Ташкент метросының екі аялдамасында интернет қосылды. 2020 жыл соңына дейін барлық аялдамаларда интернет қол жетімді болады

Жалпы ұзындығы 37 шақырымды құрайтын үш бағытта қатнаушы 29 станциясы бар Ташкент метросы, бүгінде орташа күніне 200 мың кісіге қызмет жасап келеді.

Қала тұрғындары мен келген саяхатшылар үшін Ташкент Метрополитен басшылығы және ұялы байланыс операторы Ucell компаниясы метроның орталық екі станциясында сынақ режимінде интернет таратуды жолға қойды.

Қазірде метроның “Ұлы Жәбек жолы” бағытындағы “Әмір Темір” бекетімен “Тәуелсіздік” аялдамасында 3G және 4G интернет желісі жолауышыларға қол жетімді түрде өз жұмысын бастады.

Бұл жобаны іске асыру, ең алдымен Ташкенттің туристік тартымдылығы мен заманауйлығын арттыру көзделген болып, 2020 жылды соңына дейін метроның барлық станциялары толықтай интернетпен қамтамасыз етілетін болады. 

2019 жыл соңына дейін тағы екі станция пайдалануға тапсырылатын болады.


7 775
ӨзА