Эктор Купер Өзбекстан құрамасы бапкерлігінен босатылды
Купер Өзбекстан құрамасына 2018 жылдың тамыз айында келіп, өзбек футболшыларын бір жылдан астам уақыт жаттықтырды.
Өзбекстан футбол ассоциациясы аргентиналық бапкер Эктор Куперді өз лауазымынан азат етті.
Бұл жайында Өзбекстан футбол қауымдастығы ресми түрде хабарлап, 63 жасар бапкер мен арадағы келісім-шартты өзара келісімге сай бекер қылған.
Өзбекстан футбол қауымдастығы Куперге және оның жаттықтырушы құрам штабына Өзбекстан құрамасындағы атқарған жұмыстары үшін ризашылықтарын білдіріп және оларға алдағы жұмыстарына сәттілік тілеген.
Купер Өзбекстан құрамасына 2018 жылдың тамыз айында келіп, өзбек футболшыларын бір жылдан астам уақыт жаттықтырды. Ал негізінде аргентиналық бапкер мен арадағы келісім 2021 жылдың 30 қарашасына дейін болған. Өзбекстан Қатарда өтетін 2022 жылғы әлем чемпионатына шықса келісім турнир соңына дейін жалғасатын еді.
Мәліметтерге сай, қазірде жаңа бапкерлік лауазымына "Пахтакор" клубының жаттықтырушысы грузиндік Шота Арвеладзе мен "Бунеткор" бапкері Вадим Абрамовтың кандидатурасы қарастырылуда.