Өзбекстандағы хабарларға апталық шолу
Өткен апта басрысындағы Өзбекстанда болған негізгі оқиғаларға қысқаша апталық шолу.
Өткен аптада республика аумағында болған хабарларға апталық шолу жасап, негізгі оқиғаларды тезбектесек ең алдымен Түркіменстаннан 500 кВт-ты электр тогы импорты жолға қойылған электр жүйесіндегі мәселе шешіліп, жергілікті халыққа күніне 15,4 млн кВт⋅с-ты электр тогы беріле бастады.
Бүгінгі күнге келіп Өзбекстан туризм саласында біршама оң бағытта қадам басып, өзіндік келбетін жарқын көрсете алған шығыстың сәулелі елдері қатарында орын тепті. Енді бұл саланы одан әрмен жалғастыру жөнінде де, нақты жоспарлар дайындалып 2023 жылға қарай елге келер саяхатшылар санын 10 миллонға жеткізуді көздеген. Түркі елдері арасында ең көп саяхатшыларды қабылдаушы Түркия екені анық болса да, 2020 жылы Түркі әлемінің астанасы Хиуа қаласы болып белгіленіп, бүкіл түркі халқы өзбек жеріне келіп шығыстың мәдениеті, салт-дәстүрі мен ұстанымдары жайында жақыннан танысуға мүмкіндік жаратылып тағы бір оң шара мақұлданды.
Ақпарат кеңістігінде жетекші хабар таратушы Өзбекстан Ұлттық ақпараттық агенттігінің жұмысын одан әрмен дамыту мақсатында Президент жарлығы қабылданды. Қаулыға сай агенттіктің әлемдік ақпарат көздері дәрежесінде жаңалықтар жеткізу мен олар арасында тығыз байланыстарды жолға қойып, ел ішіндегі өзекті оқиғалар мен маңызды хабарларды шынайы, жылдам әрі сапалы түрде жергілікті халыққа және бүкіләлемге таратуға байланысты кемшіліктер толықтай қамтылуы көзделген.
Өзбекстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 27 жыл толуына орай Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияев Өзбекстан халқын атаулы күн мерекесімен құттықтап, Конституцияда белгіленген нормалар мен қағидаларды барлық азаматтар біліп, өз бостандықтары мен құқықтарын айыратын саналы болуы керектігін айтты.