2020 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы Хиуа шаһары болып жарияланды
Биыл түркі әлемінің мәдени астанасы Қырғыстанның Ош қаласы болып тұр
Тамыры бір түркі халықтарының өнері мен мәдениетін дамытуға ықпал жасайтын халықаралық Түркісой ұйымының Ош қаласындағы кезекті 37-шы жиынында Хиуа шаһарын – түркі әлемінің мәдени астанасы етіп жариялады.
Әзербайжан, Түркия, Түркіменстан, Қазақстан және Солтүстік Кипр мемлекеттері мәдениет министрлерінің орынбасарлары мен Түркісой ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов қатсықан жиында Қырғызстанның мәдениет, ақпарат және туризм министрі Азамат Жаманқулов Өзбекстанның Хорезм облысында орын тепкен тарихи қала Хиуа шаһарын 2020 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы болуын бірауыздан мақұлданғанын мәлімдеген.
Жыл сайын түркітілдес елдері қалаларының бірі түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде таңдалып, аталып өтеді. Алғаш рет бұл айтулы дәстүр 2012 жылы Қазақстанның «Астана» қазіргі Нұр-Сұлтан қаласынан басталып, 2019 жылы Қырғызстанның Ош қаласы түркі әлемінің мәдени астанасы болып тұр.