Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігінің қызметін одан әрі жетілдіру жөнінде Президент жарлығы
Өзбекстанда жүргізіліп жатқан түбегейлі реформалардың негізгі және түпкі мән-мазмұны жайындағы хабарларды жергілікті халыққа және әлемдік қауымдастыққа жедел әрі сапалы жеткізу, ұлттық ақпараттық кеңістікті дамыту, БАҚ бостандығы мен республиканың әлемдік ақпараттық кеңістіктегі рөлін одан әрі нығайту мақсатында Өзбекстанның Ұлттық ақпарат агенттігінің қызметін одан әрі жетілдіру жайлы Президент қаулысы жарық көрді.
Онда, Өзбекстанның Ұлттық ақпарат агенттігі (ӨзА) – Өзбекстанның әлеуметтік-саяси өміріне тиесілі ақпараттарды алу, қайта өңдеу және оларды жариялау мен қатар Өзбекстан Республикасы заңдарын, Өзбекстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен ресми мәлімдемелерін, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Жоғары Мәжіліс палаталары мен Үкімет қарарлары мен олардың қызметі туралы үнемі хабарлау;
Қоғамда үлкен резонанс оятқан өзекті оқиғалар жайлы халыққа жылдам әрі дұрыс ақпарат беру және мемлекеттік органдармен тығыз байланыста жұмыс жасап, оқырман үшін оңтайлы болған ақпараттық мәліметтер базасын жарату мен бірге ел ішіндегі өзгерістер жайында әлемдік ақпарат кеңістігіне тарату және сол өзгерістер жайында мультимедиалы ақпаратпен толықтыру мақсатында ӨзА-ның құрамында Медиа орталық ашу мен 2020 жылдың 1-ші мамырына дейін агенттік мерзімді пайдаланушылар үшін коммерциялық жүктеу ақпаратын тарату мүмкіндігі бар қол жетімді ӨзА ақпараттық порталын іске қоссын;
ӨзА-ның өз жұмысын дәйеткі түрде дамытуда агенттік ішкі құрамынан Консультативтік кеңес құру мен бірге ендігі жағдайда агенттік бас директоры және оны орынбасарлары Өзбекстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша Министрлер Кабинетімен қызметке тағайындалады және босатылатын болады;
Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 2016 жылғы 7 қазандағы № 336 қаулысымен бекітілген агенттік Басшылары қызметкерлерді Ташкент қаласы мен Ташкент облысына тұрақты түрде тіркеуге өтініш бере алатын мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және қожалық басқару органдары мен республиканың басқа да мемлекеттік ұйымдарының тізіміне енгізілсін. Сондай-ақ ӨзА Өзбекстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірлесіп үш ай ішінде Министрлер Кабинетіне озық халықаралық тәжірибені зерттей отырып, нарықтық принциптер негізінде агенттіктің шығармашылық және техникалық қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізсін;
Атаулы қаулының орындалуын бақылау Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі А.Н. Арипов пен Өзбекстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ф.Махмудовқа мүндетіне жүктелсін.
Өзбекстан Республикасы
Президенті Ш.МИРЗИЯЕВ
Ташкент қаласы,
2 желтоқсан, 2019 жыл