Мемлекет басшысы Өзбекстан халқын Конституция күнімен құттықтады
Өзбекстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 27 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті.
Желтоқсанның жетінші жұлдызы күні «Өзбекстан» халықаралық форумдар сарайында Өзбекстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 27 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті.
Айтулы шара аясында Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Өзбекстан халқын осы ұлы мерекемен құттықтады.
Әр мемлекет өзінің даму жолын таңдау алдында өзінің маңызды мақсаттары мен міндеттерін анықтайды. Еліміз тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында қабылданған конституция халқымыздың ерік-жігері, адам құқықтары мен мүдделері, мемлекеттік құрылымында көрініс тапқан. Конституциямызда азаматтардың жынысына, нәсіліне, ұлтына, дініне, әлеуметтік келіп шығу тегіне қарамастан теңдігін қамтамасыз етіп, қазіргі демократиялық дамудың негізін қалады.
Сол себептенде, Конституциямызды құрметтейміз, ұлықтаймыз, үйренеміз. Мемлекет басшысы қоғамда құқықтық сананы және мәдениетті жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру, бала кезінен осы саладағы дағдыларды қалыптастыру қажет екенін айтып, Конституциямыз әр азаматтың санасында жақсы орнығып, олардың құқықтары мен бостандықтарына толық кепілдік беретін нақты өмір энциклопедиясына айналуы керек», - деді Шавкат Мирзияев.
Атаулы салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.