Өзбекстандағы хабарларға апталық шолу
Өткен аптада өтінде Өзбекстан аумағында орын алған негізгі жаңалықтар легіне қысқаша шолу жасайтын болсақ, Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 28 жылдығы құметіне Өзбекстандағы бірнеше шетелдік дипломаттар және қоғам қайраткерлері, мәдениет саласы мен ел игілігі жолында талмай еңбек еткен азаматтарды марапаттады.

2019 жылдың 244-і күні күз айының алғашқы күніне түспа-тұс келген Өзбекстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдық мерекесі күні аталып өтті.
Өзбекстанның Тұңғыш Президенті Ислам Каримовтың 2016 жылы 2-ші қыркүйекте қайтыс болғанына байланысты Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияев, Ислам Каримовтың атындағы ғылыми-мәдени жәдігерлік ескерткіш кешеніне барып, Тұңғыш Президенттің құрметіне тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Өткен аптадағы маңызды күндердің бірі ретінде басталған бүкіл Республикадағы маңызды шаралардың негізгісі Өзбекстанда жаңа оқу жылының бастауы болып, онда министрлерден тартып қала мен облыс әкімдері өздері білім алған мектебіне барып, алғашқы білім күніне орай оқушыларға Тәуелсіздік дәрістерін өтіп, жас бүлдіршіндерге «Президент сыйлығын» табыстап жаңа оқу жылында жақсы білім алуларына сәттіліктер тіледі.

Биылғы оқу жылында студенттерге тағыда бір ерекше бастама ретінде Білім министірлігі тарапынан жаңалық ретінде студенттер арасында ақылы оқитындар да степендия алатын мүмкіндік енгізілді.

Мемлекет басшысы Өзбекстан ауыл шаруашылығын жан-жақты дамыту мақсатында жиын өткізіп, онда 2020-2030 жылдарға арналған стратегиялы жоспарларға байланысты жауапты басшыларға тапсырмалар бері.

Апта соңына қарай Ташкентте Қазақстан Президентінің алғашқы жолдауына байланысты Қазақстан елшілігінде, Қазақ елінің Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дархан Сатыбалды мырзаның басшылығында БАҚ өкілдері, журналистер мен сарапшылар қатысқан дөңгелек үстел жиыны өтті.
