ӨзА Қазақ

04.09.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда жаңа оқу жылы басталды

Өзбекстанда жаңа оқу жылы басталды

Әлемнің көптеген елдерінде білім күні 1-ші қыркүйекте өтеді, ал Өзбекстанда ол күн барша үшін бірдей мерекелі Тәуелсіздік күні тойланады. Әсіресе балалар үшін өзгеше мереке. Осы мейрам күні алаңға шығып жастар үш айға созылған демалыстың соңғы күнін тойлап, ертеңіне атасының қолынан ұстаған күйі мектепке аттанады.

Биылғы Тәуелсіздіктің 28 жылдығына орай Мемлекет басшысы демалыс жариялап білім күні 4-ші қыркүйекке тура келіп, Өзбекстан аумағында биылғы оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылып, білім күні кең түрде аталып өтуде.

Өзбекстан Республикасы Білім министрлігінің ақпаратына сәйкес, биыл Өзбекстанда 620 мыңнан астам бүлдіршін мектеп табалдырығынан аттамақ. Сондай-ақ, 13 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі балалар өз үйінде білім алатын болады.

Жыл сайынғы дәстүр бойынша, 1-шы сыныпқа келетін оқушыларға Өзбекстан Республикасы Президентінің сыйлығы табысталады. Биылғы оқу жылының ерекше бастамасы ретінде, жас қанаттың көңілінде оқуға деген ынтасын өзгеше тасыту мақсатында «Президент сыйлығы» құрамындағы заттардың сапасына бөлекше мән беріліп, оқушылардың көңілне ұнамды оқулықтармен байытылды.

2019 жылғы жаңа оқу жылының басталуы мен 383 жабылған колледждің ғимараты(154 жаңа мектеп, 229 қосымша ғимарат ретінде) мектептерге беріліп 224 мыңнан астам оқушы орны жаратылған.

Бүгін жаңа оқу жылының бірінші қоңырауы соғылып, осылайша Республика аумағында барлық мектептерде алғашқы сабақтар бастау алды.

Білім күні құтты болып, жаңа оқу жылы сәтті болсын! 

4 822
ӨзА