Шавкат Мирзияев, Ислам Каримовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияевтің қаулысына сәйкес бұл күн жыл сайын Еске алу күні ретінде атап өтіледі.
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 2 қыркүйек күні Өзбекстанның Тұңғыш Президенті Ислам Каримовтың атындағы ғылыми-мәдени жәдігерлік ескерткіш кешеніне барып, Тұңғыш Президенттің құрметіне тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Өзбекстанның Тұңғыш Президенті Ислам Каримов 2016 жылы 2 қыркүйекте қайтыс болған еді. Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияевтің қаулысына сәйкес бұл күн жыл сайын Еске алу күні ретінде атап өтіледі.
Тұңғыш Президенттің жігері мен батылдығы арқасында Өзбекстан тәуелсіздік алып, даму жолында үлкен жетістіктерге жетті. Ислам Каримовты қанша құрметтейтін болсақ, соғұрлым халықымызбен жастарымызға руханият әкелетін боламыз.
Осынау еске алу шарасында Тұңғыш Президенттің рухына Құран оқылып, оның өмірі мен қызмет жолын, арман мақсаттары мен елдегі бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз етудегі еңбектері еске алынды.







Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.