Мемлекет басшысы қоғам қайраткерлерін наградалады
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Тәуелсіздіктің 28 жылдығы қарсаңында бір топ өзбекстандықтар мен Өзбекстан мен жемісті ынтымақтастық орнатып келе жатқан шетелдіктерді құрметті атақтармен, орден және медальдармен марапаттған болатын.
Сол марапатты табыстау рәсімі 31 тамызда Көксарай резиденциясында өтті.
Онда, Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияев жиынға келгендерді және жер-жердегі мемлекеттік наградаларға ие болған барлық отандастарды құттықтап, -осы күнге дейін халықпен байланыс бұрын-соңды осы дәрежеде болмаған. Адамдардың әңгімесін естігенде, біздің жоспарымыз дұрыс болады. Барлық бағыттар мен өндірістердегі өзгерістер - бұл біздің халықпен жүргізіп жатқан жұмысымыздың нәтижесі. Ең бастысы, халықтың сенімі бізге күш береді, - деді Президент.










