Ташкент фотосуреттер үйінде қазақ суретшілерінің «Түрлі түсті жаңбыр» атты тақырыбында кескіндеме және графика сызбаларының көрмесі өтуде.
Айтулы шара Өзбекстан өнер академиясы, Ташкент фотосуреттер үйі және Қазақстан суретшілер қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Кейінгі уақытта Өзбекстан мен Қазақстанның мәдени-білім саласындағы ынтымақтастығы барған сайын дамып келеді. Бұл өз кезегінде түрлі шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға кең мүмкіндіктер ашады. «Түрлі түсті жаңбыр» тақырыбындағы қазақ өнер мектебі өкілдерінің көрмесі соның бірі.
Көрмеге Араншы Шаржанов, Сұлтан Ілияев, Насыр Рүстемов, Мұхтар Бекенов, Мәдина Мұхтарова сынды қылқалам шеберлерінің туындылары қойылған.
Әрбір шығармада автордың дүниетанымы, оқиғаға көзқарасы, бейнелеу өнерін сүйер қауымға жеткізгісі келген ойлары бейнеленген.
Шығарманың қандай стильде кескінделгеніне қарамастан, ол ең алдымен өзбек бейнелеу өнерін сүйер қауымға рухани дүниесін, туған жердің ортасының рухын жеткізетіндігімен ерекше.