Ташкентте өзбекстандық суретшінің көрмесі ашылды
Түрлі түстерді үйлестіре отырып, қылқаламын жанына серік еткен, бейнелеу өнерінің дамуына өзіндік үлес қосып жүрген суретші, Өзбекстан көркемөнер шығармашылық одағының мүшесі Эркин Оролдың «Еркін әлем» атты көрмесі ашылды.
Ташкнет қаласында ұйымдастырылған жеке көрме көрермендерге күнделікті күйбең тіршіліктен бір сәт алыстап, сұлулық пен еркін ой әлеміне бойлауға мүмкіндік берді.
Эркин Орол 1976 жылы Сұрхандария облысында дүниеге келген. Камолиддин Бехзод атындағы Ұлттық кескіндеме және дизайн институтын тәмамдаған. Суретші шығармашылығында портрет, пейзаж және натюрморт жанрларына басымдық береді. Оның туындыларынан туған жер табиғатының қайталанбас сұлулығы, халқымыздың бай рухани мұрасы, ғасырлардан жалғасқан дәстүрлері мен ұлттық құндылықтары өзіндік көркемдік шешіммен көрініс тапқан.
[gallery-32632]
Іс-шарада сөз сөйлегендер суретшінің шығармашылық ізденісі, туындыларындағы бояулар үйлесімі мен философиялық соны соқпағын ерекше бағаланды.
«Еркін әлем» экспозициясына қойылған картиналар көрерменді ойға жетелеп, қоршаған дүниенің сұлулығын терең сезінуге шақырады. Әрбір полотнода суретшінің жан толғанысы, Отанға деген сүйіспеншілігі мен өмірге деген шексіз құштарлығы бейнеленген.
Бұл көрме ұлттық бейнелеу өнерінің дамуына үлес қосумен қатар, жас суретшілер үшін де өзіндік шеберлік мектебіне айналары сөзсіз.
суреттерді түсірген О.Пардаев, ӨзА