Ташкент қаласындағы «Теміржолшылар» мәдениет сарайында Өзбекстандағы Қазақ ұлттық мәдени орталығының ұйымдастыруымен балалар шығармашылық байқауы өтті.

Өзбекстан – ғасырлар бойы сан алуан ұлт пен ұлыстың, әртүрлі дін өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан бауырмал ел. Соңғы жылдары Президент Шавкат Мирзиёевтің бастамасымен ұлтаралық достық пен конфессияаралық келісімді нығайту, қоғамдағы тұрақтылық пен бейбітшілікті көздің қарашығындай сақтау ісіне айрықша мән берілуде.

Осы бағыттағы игі қадамдардың қатарында ұлттық мәдени орталықтардың қызметін қолдау, оларды жан-жақты дамыту және материалдық әрі рухани тұрғыда ынталандыру бойынша жүйелі шаралар жүзеге асырылып келеді.

[gallery-20868]

Өзбекстандағы Қазақ ұлттық мәдени орталығы осы жауапкершілікті абыроймен атқарып, жастардың бойына ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті сіңіріп, дарынды өрендердің қабілетін шыңдауға зор үлес қосуда. Орталық жанындағы көркем шығармашылық үйірмелерде жас таланттардың шеберлігін шыңдап, өнердің сан алуан бағыттары бойынша дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Аталған халықаралық байқау осы еңбектің жемісі іспеттес. Байқауға қатысушылар ән айту, ұлттық би және аспапта орындау секілді жанрлар бойынша өнер көрсетіп, өздерінің шығармашылық қабілеттерін паш етті. Әрбір қатысушының өнері көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер байқау ұйымдастырушылары тарапынан лайықты марапаттарға ие болды. Осындай өнер додалары Өзбекстанда барлық ұлт пен ұлыс өкілдеріне шығармашылық еркіндік пен өрлеуге кең жол ашылғанының айқын дәлелі. Мұндай шаралар достық пен бауырмалдықты нығайтып қана қоймай, жас буынның бойында өнерге деген сүйіспеншілік пен рухани құндылықтарды дамыта түседі.

суреттерді түсірген О.Пардаев, ӨзА

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақ ұлттық мәдени орталығы балалар шығармашылық байқауын өткізді