Зафар Юлдошев: Балаларға сапалы ұлттық контент ұсыну маңызды
Ташкент қаласында өтіп жатқан Өзбекстан – Ресей медиа форумында Балалар контентін дамыту орталығының атқарушы директоры Зафар Юлдошев балаларды зиянды ақпараттан қорғау және оларға сапалы ұлттық контент ұсыну мәселесіне тоқталды.
Оның айтуынша, балалардың интернетке қолжетімділігін толық шектеу арқылы мәселені шешу мүмкін емес. Ең маңыздысы – оларды зиянды ақпараттан қорғаумен қатар, қызықты әрі тәрбиелік мәні бар фильмдер мен мультфильмдерді ұсыну.
Сарапшы 2023 жылғы 15 мамырдағы Президент қаулысына сәйкес орталық 40-тан астам ынтымақтастық келісімін жасалғанын, 24 бағыт бойынша 521 жоба ұсынылып, 49 дербес жоба жұмыс жоспарына енгізілгенін мәлімдеді.
Атап айтқанда, «Психоландияда», «Ғажайыптар елінде», «Чемпион», «Екінші», «Алдағы жол», «Жолбарыс», «Ұстаз» сияқты туындылар көрерменге ұсынылған. Сонымен қатар Әмір Темір, Ибн Сина және Бабырдың балалық шағы туралы фильмдер түсіріліп жатыр.
Балаларға арналған фильмдер, мультфильмдер, әндер, кітаптар мен ойындар жинақталған бірыңғай цифрлық платформа да қазірде тест режимінде жұмыс істеп тұр.
Зафар Юлдошев Өзбекстан мен Ресей арасында балаларға арналған шығармаларды өзара аударып, тарату, мамандарға шеберлік сабақтарын ұйымдастыру және бірлескен анимациялық жобаларды жүзеге асыру жөнінде ұсыныс айтты. Қазіргі уақытта бұл бағытта «Союзмультфильм» студиясымен алғашқы келіссөздер басталған.
Д.Хакимов,
Ш.Тахиров (сурет), ӨзА