Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан Республикасының елшілігі Ташкент облысындағы №2 мектепке «Қазақ балалар әдебиетінің антологиясы» атты 10 томдық кітап сыйлады.

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Байбота Қошым-Ноғай құрастырған «Қазақ балалар әдебиетінің антологиясы» атты он томдық жинақ «Қуыр-қуыр, Қуырмаш», «Ағайынбыз бәріміз», «Бейбіт күн», «Ғажайып құмыра», «Балапан», «Алтын киік», «Ортаншы ұл», «Алатау ертегісі», «Қарлығаштың ұясы», «Мынау ғазиз дүние» атты он кітаптан тұрады. 

Топтамада қазақтың көрнекті жазушысы, ағартушы Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлынан бастап орта буын және жаңа толқын жазушы, ақындардың шығармаларымен қоса ауыз әдебиеті, тақпақтар, санамақтар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, әңгімелер, мысалдар, ертегілер, хикаяттар сынды әр алуан жанрдағы туындылары енген.

Тұңғыш рет жарық көрген қазақ балалар әдебиетіндегі осынау антология ақпанның 8 жұлдызы күні Ташкент облысы Жоғары Шыршық ауданындағы 2-мектепте таныстырылымы өтті.

Айтулы шараға қатысқан мектеп мұғалімдері оқушыларға «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге», – деген Абай ғұламаның нақыл сөзін айта келе, осынау антологияны оқуға кеңес айтты.

Бүгінгі таңда аудандағы мектептер арасында және республикалық сайыстарда білім, спорт, өнер мен түрлі бағыттрда өзіндік ерекшелігімен көзайым болған білім ошағының кітапханасы осындай қымбатты қазынамен толығып отыр.

Бұлақ көрсек көзін аш демекші, мектеп оқушыларыныңның қазақ әдебиетінен суысындап өсуіне атсалысқан Қазақстан елшісі Дархан Амангелдіұлына мың алғыс.  

Тілеуова Азиза

Жоғары Шыршық ауданы №2 мектеп директоры

Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мектеп кітапханасы Қазақ балалар әдебиетінің антологиясымен толықты