Қытай Филиппин әскери ұшағының әуе кеңістігіне кіргенін мәлімдеді
Филиппин Қарулы күштеріне тиесілі C-208 ұшағы Қытай үкіметінің ресми рұқсатынсыз Хуангян аралы үстіндегі Қытайдың егемен әуе кеңістігіне заңсыз кірген.
Оқиғаға жауап ретінде Қытай Халық-азаттық армиясының Оңтүстік қолбасшылығы әскери-теңіз және әскери-әуе күштерін жедел түрде жұмылдырды. Ұшақ толық бақылауға алынып, қолданыстағы тәртіпке сәйкес ресми ескерту жасалды және әуе кеңістігінен шығарылды.
Оңтүстік қолбасшылықтың баспасөз хатшысы Чжай Шичэнь мәлімдемесінде Хуангян аралы ежелден Қытай Халық Республикасының ажырамас аумағы екенін атап өткен. Оның айтуынша, Филиппин тарапының мұндай әрекеті Қытайдың егемендігін ашық түрде бұзу болып саналады және теңіз бен әуе кеңістігінде келеңсіз оқиғалардың орын алу қаупін күрт арттырады.
Бейжің Маниланы мұндай арандатушылық сипаттағы құқық бұзушылық әрекеттерді дереу тоқтатуға шақырып, Қытай Қарулы күштері ұлттық қауіпсіздік пен өңірлік тұрақтылықты қорғау үшін толық жауынгерлік әзірлік жағдайында екенін мәлімдеді.