АҚШ-та 6 мыңға жуық рейс кешіктірілді немесе тоқтатылды
АҚШ-тың әуе қатынасында техникалық ақауға байланысты елеулі іркіліс орын алып, мыңдаған жолаушының сапары кейінге шегерілді.
«Flight Aware» порталының мәліметінше, соңғы 24 сағат ішінде АҚШ-та 5 700 рейс кешігіп, тағы 242 рейс тоқтатылған.
«The New York Post» газетінің хабарлауынша, бұған елдегі ең ірі әуе тасымалдаушылардың бірі «Delta Air Lines» компаниясының электрондық жүйесіндегі ақау себеп болған.