Йеменде гуманитар жағдай күрделене түсті
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Йемендегі жағдайдың күн сайын нашарлап бара жатқанын ескертіп, тамыз айынан бері 350 мыңнан астам адам тұрғылықты жерін мәжбүрлі түрде тастап кеткенін хабарлады.
«Anadolu» агенттігінің хабарлауынша, қақтығыс салдарынан елдегі жолдар жабылып, тұрғындар қажетті азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да негізгі тауарларға қол жеткізе алмай отыр.
– Йеменнің барлық аумағына, соның ішінде Таиз және басқа өңірлерге гуманитарлық көмектің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету үшін қысым жасауды жалғастырамыз, – деген БҰҰ өкілі Фархан Хақ.
Сондай-ақ ұйым өкілі хуситтер тарапынан қолға алынған БҰҰ қызметкерлері мен басқа да гуманитарлық ұйым өкілдерін босатуға шақырған.