«ПСЖ» Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды
«Арсенал» турнир барысында да, финалда да жеңілген жоқ. Алайда пенальти сериясында жеңіс париждік клубқа бұйырды.
Кездесудің 6-минутында «Арсенал» ойыншысы Кай Хаверц есеп ашты. 63-минутта Москера айып алаңында Кварацхелияны құлатып, «Арсенал» қақпасына пенальти белгіленді. Дембеле пенальтиді дәл орындап, есепті теңестірді.
Ойынның негізгі және қосымша уақытында жеңімпаз анықталмаған соң, пенальти сериясы өткізілді. Пенальтиде «Пари Сен-Жермен» 5:4 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, париждік клуб «Реал Мадридтен» кейін Чемпиондар лигасы титулын қорғап қалған екінші команда атанды. «Реал Мадрид» бұл жетістікке 2016/17 және 2017/18 маусымдарында қол жеткізген еді.