Өзбекстан құрамасы әлем чемпионатына жол тартты
ФОТОРЕПОРТАЖ
Ислам Каримов атындағы «Ташкент» халықаралық әуежайында футболдан Өзбекстан ұлттық футбол құрамасы мүшелерін әлем чемпионатына салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.
Атаулы шараға футболшылар, жаттықтырушылар штабы, ресми тұлғалар мен көптеген жанкүйер қатысты.
Команда мүшелері көтеріңкі көңіл күй әрі үлкен сеніммен сапарға аттанса, жанкүйерлер оларға қолдау білдіріп, ақжарма тілектерін арнады. Футболшылар ел намысын лайықты қорғап, халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсету үшін бар күш-жігері мен шеберлігін жұмсайтындарын айтты.
[gallery-29643]
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика жасыл алаңдарында өтеді. Өзбекстан құрамасы бұл додаға өз тарихында алғаш рет қатысады.
суреттерді түсірген М.АМИН, ӨзА