Камилла Рахимова «Ролан Гаррос» турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннистен әйелдер арасындағы Франция ашық чемпионаты — «Ролан Гаррос» турнирінің ойындары жалғасуда.
Аталған жарыста Өзбекстанның бірінші ракеткасы Камилла Рахимова алғашқы кездесуін сәтті өткізді.
24 жастағы теннисші әлемнің 32-ракеткасы, румыниялық Жаклин Кристианті үш сетке созылған тартысты матчта 2:1 (6/3, 4/6, 6/4) есебімен жеңді. Кездесу 2 сағат 55 минутқа созылды.
Қазіргі таңда WTA рейтингінде 89-орында тұрған Камилла енді екінші айналымда чехиялық Каролина Муховамен кездеседі. 29 жастағы теннисші қазір әлемдік рейтингтің 10-сатысында тұр.