Әлемдік бокс ұйымына мүше ұлттық федерациялар саны 180-ге жетті
Олимпиадалық бокстың негізгі серіктес ұйымы саналатын World Boxing ұйымына мүше ұлттық федерациялар қатары тағы да бірнеше елмен толықты.
Мәліметке сәйкес, тағы бес мемлекет World Boxing ұйымының мүшесіне айналды. Олар — Руанда, Коста-Рика, Кабо-Верде, Гибралтар және Соломон аралдарының бокс федерациялары.
Осылайша, ұйымға мүше ұлттық федерациялар саны 180-ге жетті.